Bugin

Оңтүстік Кореяда әскери жағдай: қазіргі жағдай қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ел президенті Юн Сок Ёль КХДР-дың “жақтастарымен күресу” мақсатында осындай шара қабылдаған.

“Оңтүстік Корея президенті түнде шұғыл жиналыс өткізіп, өзіне қарсы импичмент жариялауға тырысқан парламент әрекетіне тосқауыл қою үшін және конституциялық тәртіпті қорғау үшін төтенше әскери жағдай енгізді”, - делінген хабарламада. 

Төтенше әскери жағдайдың енгізілуіне наразылық білдіруші халық Парламент ғимаратының маңына жиналды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, елде саяси қызметке, парламент пен саяси партиялардың жұмысына тыйым салынған.

Оңтүстік Кореядағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Елшілік Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлылық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырды. 

"ҚР азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы Елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Оңтүстік Кореяда ушыққан жағдайдан кейін, парламент төтенше әскери жағдайды алып тастады. 

Парламенттің елдегі әскери жағдайды жою туралы шешіміне Оңтүстік Корея президентінің бағынбауы қылмыс болып саналады. Оңтүстік Корея оппозициялық партиясының төрағасы осылай деп мәлімдеді.

Кеше, 3 желтоқсан күні Сеулде төтенше әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты наразылыққа шыққан халық пен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс басталған еді. 

Артынша Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы әскери жағдайды алып тастауды талап етіп, дауыс берді. Конституцияға сәйкес, Парламент депутаттарының көбі талап етсе, соғыс жағдайы алынып тасталуы керек. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл шараның күшін жоюға 190 депутат дауыс берген. Осыдан кейін Парламент спикері У Вон Сик әскери жағдайды “жарамсыз” деп жариялады.