Bugin

Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазақстандықтар жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің “2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы” бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.