Bugin
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстандық трансгендер әскерге шақырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Амилай бүркеншік атымен танымал трансгендер әскерге шақыру қағазын алғанын мәлімдеді.
“Маған қоңырау шалып: “бауырым, сен қайдасың?” деп сұрады. Мен “бауырың емес, қарындасыңмын” деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде әскери мекемеге келуім керек екенін айтты”, - дейді трансгендер.
Ол әскерге кірпігін жасатып, барынша әдемі болып баратынын айтты. Офицерлерді өзіне ғашық еткісі келетінін жасырмады.