Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Мақтаарал ауданы әкімдігі
Бүгін Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімі аппараты жиынында аудан әкімі Бақыт Асанов А.Қалыбеков ауылдық округіне әкім болып сайланған Битеміров Молдабек Еркеқұлұлын аудан активіне таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес, Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі болып сайланған М.Битеміров ресми түрде өзінің қызметтік міндеттерін орындауға кірісті. Ендеше, жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, округтегі өзекті мәселелерді шешуде білек сыбана іске кірісуді тапсырамын!» - деді, Бақыт Насырханұлы.
Жиында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов 1-желтоқсан күні өткен сайлаудың нәтижелерін жариялап, жаңа сайланған әкімге қызметтік куәлігін табыс етті.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов А.Қалыбеков ауылдық округі әкімі аппаратына барып, округ аппаратының ұжымына және округтің ақсақалдары мен белсенді тұрғындарына жаңадан сайланған әкімді таныстырды.
Бұған дейін М.Битеміровтың аталған округте әкімі болып табысты жұмыс жүргізгенін және қайта сайланғанына қуанышты екенін ауыл ақсақалдары жеткізіп, аладғы жұмысына ақ баталарын берді.