Bugin

ЖОЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі

Бүгін Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде мәжіліс өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Самат Рысбеков жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәжіліске Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Естемесов, осы департаменттің ақпараттандыру және байланыс бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Александр Ерин,  сонымен қатар аудан әкімі аппаратының, аудандық дербес бөлімдер мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс бөлімінің аға инженері полиция капитаны Біржан Ақылбеков баяндама жасады.

Жиында облыстық, аудандық маңызы бар жол бойында орын алып жатқан жол-көлік апаттарының, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарда туындайтын жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу мен білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік нысандарды және жол бойларын бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету, оны жедел басқару орталықтарына ықпалдастыру, жергілікті полиция бөлімін радиобайланыс құрылғыларымен қамту жөнінде бірлескен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру қажеттігі айтылды.

Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Самат Рысбеков көтерілген мәселелерді  шешу және атқарылатын шараларды бірлесе отырып орындау қажеттігіне тоқталып, жиынды  қорытындылады.