Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Видеодан алынған скриншот
“Қазпошта” төрағасы Әсел Жанасова жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол өзінің жалақысын басқа ұлттық компания басшылары алатын жалақы деңгейінде деп санайды.
“Былтыр да айтқанмын. Жалақым – 1 млн 200 мың теңге. Сіздер сыйақы алады деп ойлайтын шығарсыздар. Оған қазір жағдайымыз жоқ. Биыл жаңа жылға орай сыйақы болмайды”, – дейді басқарма төрағасы.
Сондай-ақ ол бес жылда компанияның жағдайы жақсарса, бірінші кезекте ауылдағы пошташылардың жалақысын көтеретінін айтты.