Bugin

5-7 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

“Қазгидромет” РМК Қазақстан бойынша 5-7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Бұрқасын қар, оңтүстік өңірлерде – жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

“Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде еліміздің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде, орталығында 15-20 аязға дейін, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 аязға дейн, таулы аудандарда 10-16 аязға дейін төмендейді”, – делінген ауа райы болжамында.