Bugin
Фото: freepik.com
48 жастағы ер адам 14 жастағы қызды зорлады. Сот шешімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық режимде өтті. Ер адам екі мектеп оқушысын көшеде кездестірген. Олар өзара әңгімелесіп, 2 қыз оның күшігін уақытша сұрап тұрады. Кейін кешке тек бір қыз ғана күшікті ер адамға алып келеді.
Мас адам оны пәтерге кіргізіп, күш көрсеткен. Кешкі уақыттан таңға дейін ер адам жасөспірімді бірнеше рет зорлады. Сонымен бірге ол жәбірленушінің телефонына видео да түсірген. Сол видео тергеудегі негізгі дәлелдердің бірі болды.