Bugin

Қарағандыда әріптесін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсамақ болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қарағандыда ер адам әріптес әйелді өлтіріп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қарағанды облысындағы “Дидар” шаруа қожалығында ер адам жанжал кезінде әріптес әйелді өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақ болды. Әйелдің денесі қожалық ғимаратынан табылды.

Сараптама қорытындысы әйелдің асфиксиядан қайтыс болғанын көрсетті. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауда.