Bugin
Фото: freepik.com
Енді қазақстандықтар өзін құмар ойыннан 10 жылға дейін шектей алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұған дейін қазақстандықтар өзін 12 айға ғана құмар ойынынан шектей алатын. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды. Қызметті eGov mobile арқылы пайдалануға болады.Қызмет тек 21 жастан асқандар үшін қолжетімді.
Құмар ойыннан өзін шектеу үшін мына қадамдарды орындау қажет:
Осыдан кейін әлгі азамат автоматты түрде құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылған тұлғалар тізіміне енеді және өтінішін кері қайтара алмайды. Ал осыған дейін шектеу қойғандар үшін мерзімді ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Бүгінге дейін 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.