Bugin

Ақтау әкімдігінде ер адам өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Маңғыстау облысының әкімдігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, ер адам облыс әкімінің қабылдауына кіргісі келген. 

"Әкімдік қызметкерлері азаматқа бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, кесте бойынша азаматтарды қабылдау белгіленген күні келуді сұрады", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Бірақ ер адам жауапқа қанағаттанбай өзін өртеуге бел буған.

Ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.