Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Абайтанушы Омар Жәлел Алматыдағы Қыздар педагогикалық иниститутының әйел дайындау үшін ашылғанын айтып, сынға ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaq Today ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның сөзінше, кезінде қазақтың оқыған азаматтары қазақ қыздарын менсінбей кеткен екен. Білімді жігіттер орыстан немесе татардан қыз алатын болған. Омар Жәлелдің сөзінше, бұл проблеманы тоқтаудың жолы білімді қыздарды дайындайтын оқу орнын ашу болған.
“Оқыған қазақтың жігіті оқымаған қазақтың қыздарын менсінбей қалды. Бұл проблеманы Темірбек Жүргнеов қалай шешті, білесіз бе? Сонда, сол проблеманы шешу үшін Темірбек Жүргенов ЖЕНПИ-ді салды. Ол оқыған қазақ жігіттеріне қалыңдық дайындайтын институт. Қазақтың жігіттері ЖЕПНИ-ден шықпайтын болды, бүкіл Алматы", - деді Омар Жәлел.
Ал оның айналасында отырған адамдар таңданысын жасырмай, Омар Жәлелдің сөзіне сенді. Бірақ әлеуметтік желідегілер абайтанушының сөзін жоққа шығарып, қызу талқылап жатыр.