Bugin
Фото: freepik.com
Инстаграмдағы қазақ әндерін қайтару қашан жүзеге асатыны талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова инстаграмнан қазақ әндерінің жойылып кету мәселесі неге әлі шешілмей жатқанын айтты.
Жақселекова Мeta музыка авторларымен авторлық құқықты басқаратын ұйымдар арқылы ынтымақтасатынын айтты. Қазақстанда мұндай ұйым Meta-мен келісімшартты ұзарту шартын келісе алмаған. Мәселе тарифтер мен төлемдер мөлшеріндегі даудан туындаған.
Әділет министрлігі мәселені реттеуге тырысқан. Бірақ нәтиже шықпаған көрінеді.
Жақселекованың айтуынша, қазақстандық ұйымдардың бірі қатаң ұстанымға ие, ал Meta жеңілдіктер жасауға дайын емес.
“Өкінішке қарай, біз де мәселені әлі реттей алмай отырмыз. Авторлық құқыққа жауапты біреуінің өтемақы жағынан қатаң талабы бар, ол көнбей отыр. Екіншіден, Meta да белгілі бір шарттар бойынша кері шегінбейді”, - деп түсіндірді ол.
Еске салайық, Алматыда "Қазақстан авторлық қоғамы" РҚБ инстаграм желісінен қазақстандық әртістердің әндері жоғалып кетуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Әзірге әннің қайту, қайтпауы белгісіз.