Bugin

Шымкентте емделуге келген қыздарды зорлағандар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкенттегі Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген екі қызды "зорлады" деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Шымкент қалалық соты хабарлады. Сот мәліметінше, қалалық тергеу соты "Зорлау" бабымен күдікке ілінген екі адамды екі айға қамауға санкция берген. Қамау туралы шешімге келіспеген күдіктілердің қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген, сот оны қанағаттандырудан бас тартты. 

Сот тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, Шымкентте облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері күш көрсетіп, бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеген. Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Ол зорлықтан кейін бойына бала бітіп, денсаулығына байланысты түсік жасатуға мәжбүр болған. Ал бірі ем алып жатқан кезде зорланғанын айтуға қорыққан. Ол жерде тағы қалып қоямын деп ойлаған. Жәбірленуші емделіп шыққаннан кейін ғана оқиғаны анасына баяндап берген.