Bugin

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДЕГІ» ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын  тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда. 

Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.