Bugin

ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫН СУМЕН ҚАМТИТЫН СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану  тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды. 

Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн м³. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр. 

Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына  «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.