Спорт
«Хаддерсфилд Таун» командасына қарсы ойында екі гол салып, тарихқа енді
«Ливерпульдің» египеттік ойыншысы Мохамед Салах, Ағылшын премьер-лигасындағы «Хаддерсфилд Таунға» қарсы ойында дубль жасады.
26 жастағы футболшы алғашқы голын бірінші таймның қосымша уақытында салса, екінші голды ойынның 83 минутында салды. Осылайша осы маусымдағы АПЛ-дағы өзінің голдар санын 21-ге жеткізді.
Сонымен қатар, клуб үшін 100 ойында голдар санын 69-ға жеткізді. Бұл мерсисайдтық клубтың тарихындағы үздік нәтиже. Бұған дейін рекордтық көрсеткішті «Ливерпуль» ойыншылары Роджер Хант және Сэм Рэйбоулд ұстап тұрған болатын.
Салах «Ливерпуль» сапына 2017 жылы қосылды. Бұған дейін «Рома», «Фиорентина», «Челси» және «Базель» командаларында ойнаған болатын.