Bugin

ХУБЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САУДА ӨКІЛДІГІНІҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту аясында бірлескен инвестициялық жобаларды талқылауға арналған маңызды G2B кездесу өтті. Түркістан облысы делегациясы атынан облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер кезінде экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету және Түркістан облысында бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар кездесу аясында Хубэй провинциясы кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығында Түркістан облысының Сауда өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Екі тараптың өкілдері табысты ынтымақтастық экономикалық байланыстарды айтарлықтай жақсартып, дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.