Bugin

ТҮРКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯНЫҢ БРЕНД КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының Тэджон қаласына ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Woosong университетінің төрағасы Ким Джон Хёнмен кездесіп, SolBridge кампусын аралады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Делегация өкілдері Woosong және SolBridge университетеріне экскурсия жасап, сондай-ақ Тэджон қаласындағы жетекші инновациялық және жоғары технологиялық компаниялардың басшылығымен кездесті. 

Олардың қатарында электр көліктерін әзірлеу және өндірумен айналысатын «Korea Mobility», косметикалық өнімдер өндіретін «CELLHAPPYCO», жасанды интеллект негізіндегі деректерді талдау жүйесін шығаратын «Euclidsoft», білім беру және ғарыш дизайны жүйелерін шығаратын «Nuguna Co.,Ltd» және теміржол көлігі басқару жүйесімен айналысатын «InterCon Systems» сияқты компаниялар болды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, облыс экономикасын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Компания өкілдерімен кездесулер барысында ол шетелдік инвесторлар ұсынатын барлық бастамалар мен жобаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, бизнесмендер мен компания жетекшілерін Түркістан облысына өңірдің инвестициялық әлеуетін бағалауға және ықтимал серіктестік бағыттарын талқылауға шақырды.