Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Корей теміржол корпорациясының (KORAIL) вице-президентімен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында тараптар көлік-коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі мәселелердің бірі — Түркістан облысында теміржол және көлік саласы үшін кадрлар даярлауға бағытталған арнайы оқу орталығын ашу.

Нұралхан Көшеров мұндай орталықты ашудың көлік инфрақұрылымы мен технологиялары саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары білікті кадрларды даярлау аймақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын тиімді дамытуға, Түркістан облысының басқа өңірлермен және шет елдермен байланысынты нығайту үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Korea Railroad Corporation» вице-президенті ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Түркістан облысында оқу және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру үшін Қазақстанның «Қазақстан темір жолы» операторымен бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды. Ол Корей теміржол корпорациясының тәжірибесінің Қазақстанның теміржол және көлік саласын дамытуда құнды үлес қосуы мүмкін екендігін атап өтті.

Бұл жоба Түркістан облысында көлік саласы үшін білікті кадрлар даярлауда маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар екі ел арасындағы жоғары технологиялар мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығая түспек.