Bugin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ауданда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, «Aлтын күз-2024» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шара аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің, техникаларының жәрмеңкесі және «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін бастаған кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сала мамандары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Күзгі жиын-терім науқанының қорытынды көрсеткіші айқындалатын мерекеде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз алып, жыл бойы адал еңбегімен өз саласында жетістікке жеткен, мол өнім алып ауылдастарға үлгі болған үздік шаруа қожалықтарын, үздік ауылдық округ әкімдерін және үздік сала мамандарын марапаттады.  

 

– Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, құрметті қонақтар, ауыл ардагерлері! Сіздерді бүгінгі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің  «Алтын күз-2024» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сарыағаш – ауыл шаруашылығы дамып келе жатқан аграрлы аудан.  Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күші мен табыс көзі де ауыл шаруашылығы саласы. Күз мезгілі – шаруалар үшін  еңбектің нәтижесін көріп, табиғаттың сарқылмас сыйының жемісін жинайтын тамаша кезең. Сондықтан болар, «Алтын күз»  алқап басында тер төккен ауыл еңбеккерлерінің мерекесі болып саналады. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты болса, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы кез-келген жетістігі шаруалардың, диқандардың адал еңбектерінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларының арқасы деуге болады, – деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Рысбек Асылбекұлы  құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті. Салтанатты іс-шара соңы аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде тер төгіп, еңбек еткен жергілікті диқан қауымының өнімдері және аталған салада жүрген кәсіп иелерінің азық-түлік жәрмеңкесі  Сарыағаш қаласының орталық алдаңында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде 30 ауыл шаруашылық техникасы мен агрегаттары, құс шаруашылығы  бойынша «Бесқара» ЖШС ұсынған  жұмыртқадан жасалған пирамида, «Амантай пласт» ЖШС тарапынан ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған жәшіктер, сондай-ақ Қабланбек аграрлық колледжі  тарапынан  дайындаған көрме бұйымдары  аудан тұрғындарының назарына ұсынылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, жұмысын бастаған кәсіпкерлер және аудан  шаруаларының  жалпы  11,2 тонна өнімі де жәрмеңке көркін қыздырды.