Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметін
Ақсукент ауылдық округіндегі кәсіпкерлік нысан иелеріне жарнама жазуларын реттеу бойынша түсіндіру жұмыстары бүгін де жалғасын тапты. Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаев бастаған жұмысшы топ аудан орталығындағы Абылай хан, Жібек жолы көшесі бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне ҚР «Тіл туралы» және ҚР «Жарнама туралы» Заңдарын түсіндіріп, әдістемелік көмек берді. Түсіндіру жұмыстары барысында қолданыстағы заңнамаға және эстетикалық талаптарға сәйкес келмейтін жазуларға ескерту берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, көше бойында орналасқан дүкендер мен сауда орталықтары жіті тексерілді. Жарнама мен маңдайша жазуларындағы қателер туралы нысан меңгерушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ескертілді.
Айта кету керек, ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабында: «Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: Мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша орыс тіліне аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс» деп көрсетілген.
Сондықтан да, аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысан иелерін заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары барлық ауылдық округте тұрақты түрде жүргізілетін болады.