Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «BASTAU TALKS» ҚОҒАМДЫҚ ЛЕКЦИЯСЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қ.Жандарбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде Сайрам аудандық «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «BASTAU TALKS» атты қоғамдық лекция өтті. «Жастар – болашақтың жарқын бейнесі» атауымен өткен іс-шара аудан тұрғындары мен жастардың басын қосып, қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылауға арналды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған лекцияның мақсаты – жастарға қолдау көрсету, олардың қоғамдағы рөлін арттыру, әлеуметтік және тұлғалық даму мәселелерін қозғау, сондай-ақ, қоғам дертіне айналған ойынқұмарлықтың алдын алу болды.

Мәні ерекше іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы Ермахан Мырзабай Болатұлы арнайы шақырылды. Сонымен қатар, айтыскер ақын, Қажымұхан Абзалов, «YouTube» желісінде танымал болған «Азартник» киносериялының актерлары Нұрсұлтан Мейірбек және Ғани Беркінбаев және аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысты.

Құрметті қонақтардың қатысуы жиынға ерекше мән беріп, жастар арасында қызығушылық тудырды. Еркін форматта өткен кездесуге қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Жиынға келгендер жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, оларды ынталандырды. Спикерлердің әрқайсысы қоғамдағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды дұрыс жолда жүруге шақырды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай жиындарды жиі ұйымдастырып, жастарға қолдау көрсетуге ниетті екендігін жеткізді.

Жастарға қолдау көрсетудің мұндай форматы олардың даму жолында маңызды рөл атқарады деген сенім бар.