Bugin
Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі
Бүгін Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімі Ерлан Нұрмаханов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауда Ағыбет, Ақбастау, Бөген және Шаян ауылдық округтерінен келген тұрғындар аудан әкіміне өздерінің толғандырған мәселелерін көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, Жұлдыз елді мекеніндегі Шаян өзенінің арнасын реттеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, Шаян ауылындағы коммуналдық меншіктегі 2 қабатты тұрғын үйге кәріз жүйесі мен жабдық сақтайтын қойма салу, үйдің айналасын қоршау, Ж.Сарыпбеков көшесін жарықтандыру, Тұрақты елді мекеннің жерін кеңейту, көшеге асфальт төсеу, газдандыру, тұрғын үй кезегі және жеке де мәселелерін айтып өтті.
Аудан әкімі Ерлан Заипұлы тұрғындардың көтерген бірқатар мәселелерінің заң шеңберінде жоспарға сәйкес шешілетіндігін түсіндірді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәселесі мен елді мекен шегін кеңейту бойынша заңға сәйкес шешім қабылдау жөнінде тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округтің әкіміне тапсырма берді.
Ал, Жұлдыз елді мекеніндегі Шаян өзенінің арнасын реттеу мәселесі бойынша тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан айтылған басқа да мәселелерді заңнама талаптарына сәйкес орындау бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.