Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫШЫ ЕЛІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Үстіміздегі жылдың 25-30 қараша аралығында Түркия мемлекетінің Анталья қаласында UNIFIGHT спорт түрінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Әлем чемпионатында аудан спортшысы жүлделі орынға ие болып, еліміздің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтар болсақ, келестік спортшы Ерасыл Сапар 65 келі салмақ дәржесінде чемпион атанды. Чемпионатта Ерасыл Сапар лайт күрес түрінен және де классика жекпе-жек түрінен барлық қарсыластарынан басым түсті. 

Ерасыл бірінші жекпе-жегін Украина елінің спортшысына қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетсе, екінші жекпе-жегінде Әзербайжан елінің намысын қорғаған спортшыны тізе бүктірді. Жартылай финалда Молдова елінің спортшысын айқын басымдылықпен жеңіп, сайыстың ақтық сынына жолдама алды. Бұл чемпионаттың финалында Украина елінің спортшысын нокуатқа түсіріп,  өтіп жатқан жарыстың «үздік нокаутшы» атағын алды. 

Бүгінде келестік спортшылар табандылығы мен жанқияр еңбегінің арқасында аймағымыздың намысын қорғап, атақ-абыройын арттырып жүрген спорт саңылақтары көбейіп келеді. Аудан спортын дамытып, ел жастарының жеңіске деген жігерін жануда аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев салаға ұдайы қолдау көрсетіп келеді.