Weekend

Apple, Google және Netflix өз қызметкерлерінен диплом талап етпейді

Төрт жылдық білім тірек болатындай қазіргі жұмыс нарығында талап жоқ. Диплом жұмысқа толыққанды кепілдік бермейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

LinkedIn дерегі бойынша, АҚШ-тағы ең танымал әрі ірі компаниялар өз қызметкерлерінен диплом талап етпейді. 

Студенттердің ойынша, диплом мен оны алу үшін құртқан бірнеше мың доллар Apple, Google және Netflix сияқты компанияларда жұмыс істеуге кепілдік береді. Бірақ барлығы әсте олай емес. 

Siemens бас директоры Барбара Хамптон мен Apple бас директоры Тим Кук сияқты танымал бизнес-лидерлер дипломның қажеттігіне күмәнмен қарайды. Куктың айтуынша, АҚШ-тағы Apple-дың қызметкерлерінің жартысында жоғары білім жоқ екен. Ол көп университет жұмыста шын керек болатын машықтарды үйретпейді деген пікір білірді. 

Хамптон болса: "Төрт жылдық білім тірек болатындай қазіргі жұмыс нарығында талап жоқ. Диплом жұмысқа толыққанды кепілдік бермейді", – дейді.

Қазірдің өзінде америкалықтардың 40%-ы жоғары білімді талап етпейтін жұмыстарда істеп жүр. Болашақта бұл көрсеткіш екі есе артуы мүмкін.