Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысында екі бала дәліз құдығына түсіп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ТЖМ құоқарушылар екі баланы құтқарды. Оқиға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің аумағында бір жасар бала тереңдігі екі метр дәліз құдығына түсіп кеткен. Оны көрген сегіз жасар әпкесі көмекке асықты. Ол да құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Ата-анасы құтқарушылардан көмек сұраған.
ТЖМ қызмкерлері шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанының көмегімен құдықтан балаларды құтқарды. Балалар зардап шекпеген.