Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Астанада жолаушы такси жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полицияға телефоны ұрланғаны жөнінде такси жүргізушісі шағымданған. Оның айтуынша, жолаушы жолдан оны тоқтатып, белгіленген жерге апарып салуын өтінген. Кейін көліктің салонында екі орындықтың ортасындағы тіректе тұрған телефонды ұрлап, көліктен түсіп кеткен. Жүргізуші телефонының жоғалғанын байқап, полицияға хабарласады.
Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні анықтап, үйінен ұстады. Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылған.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61