Bugin

Елден қашқан Башар Асадтың Мәскеуде 20-ға жуық пәтері бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Мәскеуге қашты. Оның Мәскеуде 20-ға жуық пәтері бары анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Кеше, 8 желтоқсан күні Сирияда үкіметке қарсы қарулы топтар ел астанасы Дамаскіге кірді. Президент Башар Асад елден қашты. Асад режиміне қарсы қарулы топтар жергілікті телеарнадан мәлімдеме жасап, Дамаскіні "азат еткенін" және президент Башар Асад үкіметін құлатқанын мәлімдеген.

Мәліметтерге сүйенсек, Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың туыстары “Мәскеу-сити” тұрғын үй кешенінен 20-ға жуық пәтер сатып алған. Асад туыстарының Ресей астанасындағы мүлкі 40 миллион долларға бағаланып отыр.

Башар Асадтың анасы жағынан туысы Мұхаммед Махлуфтың отбасы мүшелері жылжымайтын мүлікті 2013 жылдан бері сатып алған. 13 нысан экс-президенттің немере ағасы Хафиз Махлуфтың және оның бақылауындағы компаниялардың атына рәсімделген.