Bugin

Өзіне қол жұмсаған: Ақтөбе облысында тағы бір әскери көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Envento

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында әскери комиссар өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ratel.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда болған. Өлімнің себебі нақты айтылмады.  Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бұл жөнінде түсініктеме бермеген. Ал Ақтөбе гарнизонының әскери-тергеу басқармасы мен прокуратурасы да бұл туралы ақпарат айтпады. 

Сондай-ақ өткен айда Богословка полигонында 30238 әскери бөлімінің Павлодардан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбазы Ярослав Боровец тәуліктік кезекшілікке түскен. Артиллериялық оқ-дәрілер сақталатын жеке қойманың аумағындағы 1-бекетте 3-ауысымда тұрған кезде, АК-74 автоматымен өзіне оқ атып, бетін жаралаған екен. 

Оған қоса, бірнеше күн бұрын жалдамалы пәтерде ефрейтор Шалауов өзіне қол жұмсамақ болған. Оны досы көріп асылып тұрған жерінен байқап, құтқарған.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61