Bugin
Фото: freepik.com
Балабақшада 5 жастағы қыз ұйқыға жатып, қайта оянбады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Қырғызстанда болған. "Алтын балалық” балабақшасында бес жасар қыз мезгілсіз көз жұмды. Мәліметтерге сүйенсек, кішкентай қыз бала түскі асын ішіп, ұйқыға жатқан. Кейін балалардың бәрі оянғанда, 5 жастағы қыз ұйқыдан тұрмаған.
Кейін тәрбиешілер жедел жәрдем шақырып, қыздың туыстарын да хабардар еткен.
“Бізге өлім себебі ретінде, қызымның құсыққа тұншығып қалғанын айтты. Сондай-ақ, бастың желке аймағында шағын қан кету анықталды”, - деді анасы.
Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін полиция істі тоқтата салған. Анасы тәрбиешілерден күдіктенеді.