Bugin
Фото: инстаграм @ kudaibergenov.dimash
Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Димаш Құдайберген тағы бір ерекше марапатқа ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Димаш Құдайберген "Халықтың сүйіктісі-202 ұлттық премиясында ерекше номинациясының иегері атанды. Бұл 14-ші рет өткізіліп жатқан ұлттық премия. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.
“Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды", - деп жазды Димаштың командасы.
Эстрада жұлдызы бұл мараптқа төртінші рет ие болды. Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.