Bugin
Фото: freepik.com
Доллар 3,54 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 510,08 теңге.
Ұлттық банктің 9 желтоқсанға арналған ресми бағамы бойынша, АҚШ доллары – 514,65 теңге, Ресей рублі – 5,17 теңге, еуро – 544,60.
Еліміздегі айырбастау пунктерінде валюта бағамдары орта есеппен төмендегідей:
Астанада сату бағамы – 509 теңге, сатып алу құны – 516 теңге.
Алматыда сату – 509,5 теңге, сатып алу бағамы – 514 теңге.