Bugin
Фото: инстаграм @askharzhumabekov
6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Актер Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, істі болған.
“Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!”, – деп жазды актер.
Қоғамда дүр сілкіндірген атышулы оқиға 2022 жылдың 28 желтоқсан күні түнгі сағат 2 шамасында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан караоке-барда болған.