Weekend
Ержан Максим
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБірқатар ресейлік жұлдыздар "Голос дети" жобасында әйгілі әнші Алсудың қызынан жеңіліс тапқан қазақ баласын жақтап шықты. Максим Галкин, Валерий Меладзе мен Вера Брежневаның ойынша шынайы жеңімпаз оралдық Ержан Максим болған. Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.
Көрші ел жұлдыздары өзінің жеке парақшаларында Ержан Максимге өз қолдауын білдірді. Олар әнші Алсудың қызы әділ жеңбегенін айтуда.
Вера Брежнева бұл жеңіске қатысты әріптесінің пікірімен толықтай келісетінін айтты.
"Кешегі сайыста барлық балалар мықты өнер көрсетті. Алайда, Максим Галкинмен толықтай келісеміз. Кішкентай Ержан және оның зор даусы" , - деп жазды Вера Брежнева.
Ержан Максимның екінші орын алып қалуы желіде қызу талқыға түскен. Желі қолданушыларының басым көпшілігі жеңіске Ержан лайықты деп есептеуде.
Бұған қатысты Валерий Мелазде де өз пікірін айтқан.
"Жоба аяқталғанымен екі түрлі сезімде қалып қойдық. Бірінші арна дауыстарды дұрыс санап, қайта тексеріп шығады деген ойдамын" , - деді Меладзе.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61