Bugin

ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНАН 5 ОРМАНШЫЛАР ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеу» аумағынан бес орманшылар үйі салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін үш орманшылар үйі салынған болатын, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған орманшылар үйлерінің құрылысы биыл басталды. Қазіргі таңда баспаналардың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Алдағы уақытта жұмысшылар есік терезесін салып, ішкі-әрлеу жұмыстарына кіріседі.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, 5 үйдің құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Фото: Түркістан облысы әкімдігі