Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАН ӘКІМІ АҚСУКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Арман Сәбитов Ақсукент ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ асты. Жергілікті тұрғындар көше жарықшамдарын қою, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту және жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыру жайлы өтініштерін білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде, аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, түйткілді мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылатынын айтты.

Бұдан бөлек, тұрғындар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетінін сұрады. Аудан әкімі бюджеттен тиісті қаражат қарастырылуына байланысты, аталған жол құрылысы жұмыстарының жүргізілетінін жеткізді.