Bugin

Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Оқу-ағарту министрлігі өкілдері қазақстандық оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады. 

"Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул 2024 жылғы 30 желтоқсан мен 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда он күнге созылады", - делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік мәліметінше, мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалады. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған.