Bugin

Ер адам әйелді қағып кетіп, өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Рудныйда ер адам әйелді қағып өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда болған. Автобус жүргізушісі 60 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды. 

Маршруттық автобусты 62 жастағы ер адам басқарған. Жол апатынан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты полиция растады. 

Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 7 желтоқсанында Рудныйдағы пәтерлердің бірінен 62 жастағы ер адамның денесі табылған. Ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.