Bugin

Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Афиныда өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған спортшы Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы болды. Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев таныстырды.

Боксшы — 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында алтын алған. Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы. 

"Бақтияр Ғарифоллаұлының осы кезге дейін алған білімі мен жинақтаған мол тәжірибесін ескеріп, Сыр өңіріндегі спорт және туризм саласын бұрынғыдан да қарқынды дамытады деп сенім білдіреміз" - деді Нұрлыбек Нәлібаев.