Bugin
Фото: freepik.com
Түркияда тікұшақтар соқтығысып, 6 адам ажал құшты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Түркияның Испарта провинциясында болған. Жаттығу рейсі кезінде екі әскери тікұшақ соқтығысқан. Нәтижесінде тікұшақтардың бірі жерге құлады. Тікұшақ ішіндегі 5 әскери қызметкер және армия авиация мектебінің командирі мерт болды. Тағы бір сарбаз ауыр жарақат алған.
Провинция губернаторы Абдулла Иринаның мәліметінше, бұл оқиға құрлықтағы авиация базасында жүйелі түрде өткізілетін жоспарлы жаттығулар кезінде болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Бұл жерде құтқарушылар мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.