Bugin

Ер адам баласын сырқаттан жаза алмаған 110 қызметкерді өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Envento

Гаитиде банда басшысы 110 адамды өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәліметтерге сүйенсек,  діни қызметкерлер баласын сырқаттан жаза алмаған. Банда басшысы ашуға булығып,  діни қызметкерлердің 110-ын өлтіріп тастады. Оған серіктестері де көмектескен. 

Гаити Адам құқықтарын қорғау ұлттық желісі (RNDDH) бұл қылмысты жергілікті банда басшысы өз ұлы сырқаттанып, қайтыс болғанынан кейін жасағанын мәлімдеді.

Қаза болған қызметкерлердің көбі сиқырмен айналысатын қариялар екен. 

Олар діни қызметкерлерді қоршап, кейбірін атып өлтірген, ал қалғандарын пышақ және мачетемен жарақаттап, өлтірген. Куәгерлер көшелерде өртелген мүрделерді көргендерін айтқан.