Bugin
Фото: freepik.com
Шымкентте дизель құйылған бөшкені газ баллонмен жылытпақ болған ер адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні болған. “Тассай тас” компаниясының аумағында газ баллоны жарылды. Мәліметтерге сүйенсек, ер адам дизель отыны құйылған бөшкені газ баллонымен жылытуға тырысқан. Сол сәтте жарылыс болған. 39 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
“Жұмыс жүргізу кезінде абайсызда адам өлімі болды. Қауіпсіздік қағидаларын бұзу жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды”, - деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықталып жатыр.