Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстанның ГЗИ ҰЯО деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 11 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 02:30-да Қырғызстан аумағында жер сілкінген. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 балды құрады.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметі бойынша, магнитудасы 3,8 болған жер сілкінісінің эпицентрі Талды-Су ауылынан 9 шақырым оңтүстікте және Нарын қаласынан 37 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.
Жерасты дүмпулері Озгоруш, Талды-Су және Первомайск ауылдарында 3 балл шамасында сезілген.