Bugin

Ақтөбеде ерлі-зайыптыны көлікпен қағып өлтірген полицей сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтөбеде жол бойында велосипедпен кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыны көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен полицейге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

2 перзенттің ата-анасы оқиға орнында көз жұмды. Ал полицей апат болған жерден бой тасалап, кетіп қалған. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-полицейдің көлікті масаң күйде айдағаны, жылдамдықты екі есе асырғаны белгілі болды. Сотталушы экс-полиция қызметкері А.С. 34 жаста екені белгілі болды. Бұрынғы полицейдің де екі баласы бар екен. Ол №4 қалалық полиция бөлімінде жедел уәкіл болған.

“Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары бойынша іс сотқа түсті. А.С. айыпты деп танылып, түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылсын. Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеу тағайындалсын”, - делінген сот шешімінде. 

Экс-полицей майор шенінен де айырылды.