Bugin
Фото: kg_media_news
Ер адам әйелі мен оның анасын соққыға жықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанданның Ош облысы, Қара-Су ауданында болған. Ер адам таңғы 4:00-де мас күйде үйге келіп, 24 жастағы келіншегін соққының астына алған. Ер адам 1989 жылғы екен. Әйел анасына қоңырау шалып, оны көмекке шақырған.
Әйел үйге кірген бойда, ер адам енесін таяқпен ұра бастаған. Ішімдікке сылқия тойған ер адамнан екі келіншек қашып құтылған.
Ер адам қолға түсті. 24 жастағы келіншек бірінші ретте полицияға арыз жазудан бас тартып, кейін қайта арыз жазған. Зардап шеккен келіншек полицияға ер адамның таяқпен ұрғанын, таяқтың екіге бөлініп кеткенін айтты.
Олардың 3 перзенті бары айтылды. Ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.