Bugin

ТҮРКІСТАН: КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Биылғы жылдың соңына дейін Түркістан облысы, Созақ ауданына қажетті жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Атап айтқанда, “Созақ сәулет” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына доңғалақты тиегіш, аударғыш жүк машинасы, ассенизатор көлігі, шынжыр табанды бульдозер, суару, жуу, қар тазалағыш, қоқыс тасығыш машинасы және артқы жүк көлігі мен тиегіш экскаватор алынбақ. Бұл жаңашылдықтар ауданның инфрақұрылымын жақсартуға және коммуналдық қызметтерді тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, барлық 12 кент және ауылдық округтерге тракторлар жүк салғыш және жетегімен қоса жеткізіліп, “Шолаққорған-Су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қажетті жүк тиегіш экскаватор, жүк көтергіш машина мен тазартқыш ассенизатор машинасы да алынатын болады. Сонымен қатар, тасымалдауға арналған автокөлік пен тізбекті экскаватор да ауданның шаруашылық жұмыстарына қолдау көрсететін болады.

Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Түркістан өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және жергілікті басқарудың тиімділігін күшейту қажеттіліктерін ескеріп, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.