Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Түркістан облысы әкімдігі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімі аппаратының заң және ақпараттандыру,мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақылау барысында ауыл әкімі аппараты тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігімен анық ақпараттың болуы және мекеме ғимаратына кіріп- шығуына, дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың болуы т.б. мәселелері қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.