Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Түркістан облысы әкімдігі
Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жиын өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқосуға Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығының орынбасары Мұрат Естемесов, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, Түркістан облысы Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының Байланыс бөлімінің аға инженері Біржан Ақылбеков, аудандық Полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Сұлтанов, аудан әкімінің орынбасарлары және дербес бөлім басшылары мен интернет желісіне жауапты мекеме өкілдері, құқық қорғау органдары мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде цифрландыру саласын дамыту, әсіресе жол және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни аудан көлміндегі облыстық маңызы бар, ауыл және аудан аралық жолдарда күнделікті орын алып жатқан жол апаттарының, сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерде туындайтын жаппай тәптіпсіздікті болдырмау, алдын алу шаралары талқыланды.
Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығының орынбасары Мұрат Рашидұлы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы адамдар көп жиналатын сауда және ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, автовокзалдар, теміржол вокзалдары, жанармай құю бекеттері, мектеп, балабақша, колледждер және т.б. ғимараттарда орнатылған бейнебақылау жүйелерін, Түркістан облысы ПД-нің Жедел басқару орталығына біріктіру мәселесе ерекше тоқталып, аудан басшысынан осы бағытта маңызды шараларды бірігіп атқаруға шақырды.
Нұржан Жақсылықұлы әрбір айтылған ұсынысқа аудан әкімдігі тарапынан барлық қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізіп, тиісті орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиынды қорытындылай келе аудан әкімі ауданымызға арнайы ат басын бұрып келген Мұрат Рашидұлы мен департамент мамандарына алғысын білдіріп, ел игілігі мен мемлекет мүддесі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.