Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Алдағы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай белгіленген демалыс күндері ауа-райының болжамына сәйкес 2-3 күннің ішінде күн жылынып, қайта күрт суытып, қалың қар жауады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде газ, су, электр жарығы сынды маңызды коммуналдық қажеттіліктің істен шығуы қауіпін жоғарлатады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, аудан аумағындағы барлық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерде демалыс күндері тәулігіне 24 сағат кезекшілік қойылып, күшейтілген режимде жұмыс атқаратын болады.
Бұл туралы бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесеннің төрағалығымен өткен аппараттық жиында ТҮКШЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Бегжігіт Егембердиев мәлімдеді.
Жауапты бөлім басшысы орынбасарының айтуынша қазіргі таңда тиісті мекемелерге Заң талаптарына сай міндеттемелер жүктелген.
Бұдан бөлек, лездемелік жиында ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, әскерге шақыру және т.б. салалардағы өзекті мәселелер қаралды.
Марат Сүгірәліұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауаптылардың баяндамасынан соң жиынды қорытындылап, ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы индикаторлық көрсеткіштерді төмен орындаған округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларын сынға алып, жыл соңына дейін жоспарлы межені орындауды міндеттеді.
Сондай-ақ, медициналық сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіріп, олармен арнайы құрылған штаб құрамына тиісті жұмыстарды жандандыру қажеттігін ескертіп, алдағы мереке күндері аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелерге кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда ауданымызда медициналық сақтандырылмағандар саны 15 681 азаматты құрап отыр.